Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена 2010 жылдан 2024 жылғы қазанға дейін Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі болған.
Қарағандыда 300-ден аса шахтердің денсаулығын жоғалтқаны үшін берілетін өтемақыны алмағанына жылдан асты. Жұмыс беруші мен сақтандыру компаниясы және шахтерлер дауына үкімет араласты.
Теміртау, Балқаш пен Екібастұздағы химиялық қалдықтармен ластанған жердің экологиясын тәуелсіз тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ экологтарға барлық жерден сынама алуға рұқсат етпеді.
Қарағандылық Виктория Кимнің өмірі - тағдыр талқысына түскенімен, «өз күшімен адам болып шыққан» жетім баланың өмірі. Бойжеткен қиын тағдыры жайлы Азаттық тілшісіне айтып берді.
Қарағандыда мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алған бұрынғы балалар үйінің түлектері баспаналарын жекешелендіре алмайтынын жуырда естіген. Билік олармен мәмілеге келуге тырысып жатыр.
Теміртаудағы «АрселорМиттал» металлургиялық комбинатында өндіріс көлемін қысқарту көп адамның өмірлік жоспарын өзгертіп жіберді. Кейбір металлургтер жұмыстан шығып, Ресейден жұмыс іздеуге мәжбүр.
Жас жігіттер бизнестерін әлімжеттіктен қоримыз деп жүріп тәжірибе жинаған соң өз мүддесін қорғау үшін саясатпен айналысуға тура келетінін ұққан.
Қарағанды облысында тұратын 24 жастағы Денис Хасанов «ДЦП дертінің ауыр түрі» деген диагнозына қарамастан, 150 килограмдық штанганы аяқтарымен көтеріп, аяқтарымен сурет салады.
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының өндірісте жүріп мүгедек болған шахтерлері құқықтарын қорғау үшін бірікті. Оларға өтемақы төлеуге сот шешім шығарғанымен, компания оны орындамай отыр.
Елеуғазы Нұрғалиев – Семей полигонындағы жер бетінде жасалған ядролық жарылыстың тірі қалған жалғыз куәгер. Азаттық тілшісі оның үйінде қонақта болды.
1930-1940 жылдары Карлаг балалары мен тұтқын әйелдер жерленген «Мамочкино» моласына экскурсиялар жиі өткізіле бастады. Мұнда Азаттық тілшісі де болды.
Теміртаудағы балабақша тапшылығы үлкен әлеуметтік проблемаға айналды. Балабақшадағы орынды саудалайтын жайттар жиілеп барады.
Теміртау қаласында жасөспірімдер тобы жеке интернет-телеарна құрды. Олар қаладағы жастардың мәселелері мен жетістіктері туралы бейнесюжеттер мен бағдарламалар түсіріп, көрерменге ұсынбақ.
Теміртау қаласы мен Ақтау ауылында өз мамандығы бойынша жұмыс таба алмаған жастарды бюджет есебінен жарты жылдық тәжірибеден өтуге шақырады. Кейін жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар.
Қарағандылық еріктілер әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балаларына арнап мектеп оқу-жарақтарын жинайтындарын мәлімдеді. Акцияның алғашқы онкүндігінде ешкім көмек қолын созбады.
Қарағандылық сот гештальт-психологтың талабын жартылай қанағаттандырды. Жеке тұлға Виктория Артемьева мен «Әлеуметтік зерттеулер орталығы» үкіметтік емес ұйымы айыппұл төлеуі тиіс. Бірақ дау әлі біткен жоқ.
«АрселорМиттал Теміртау» жұмысшылары «Альянс-Полис» компаниясынан ақша өндіріп алу туралы сот шешіміне қол жеткізсе де, сақтандырушылар төлеуден бас тартып отыр.
Коммуналдық қызметке борышкер болған тұрғындардың қарызын төлеуге шамасы жетпейді. Медиаторлар шиеленісті басқаша жолмен шешуді ұсынып отыр.
Қарағанды қаласындағы апатты деп танылып, бұзылған «Бесоба» жаңа ықшам ауданының орнында тұрғын үй кешенінің құрылысы басталды. Құрылысшылар «бұл жолы мықты үй саламыз» деген уәде берді.
Қазақстанда мүгедек өнерпаздардың шығармашылық фестивалі сирек өтеді. Теміртауда белсенділер өткізген шараға мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектер қатысты.
Қарағанды облысының қорықшылары «Нияз-Аюлы орманындағы бағалы ағаштарды отап кетті» деп дабыл қақты. Азаттық тілшісі ағаш оталған жерді көріп қайтты.
Тағы