Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена 2010 жылдан 2024 жылғы қазанға дейін Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі болған.
Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы ВИЧ-ке шалдыққан жандардың бірін-бірі демеу тобына бөтен ешкім кіре алмайды. Азаттық тілшісі ұйымдастырушылары мен мүшелерінің рұқсатымен клубта болып қайтты.
Қарағанды облыстық полициясы суретші Паша Касты Теміртаудағы үй қабырғасына салған "экологиялық" картинасы үшін жазаламайтынын мәлімдеді. Паша Кастың журналистермен сөйлескісі жоқ.
Теміртау қаласындағы балалы әйелдерді паналататын жалғыз дағдарыс орталығы демеушілер көмегіне зәру. Паналау орны басшылары әлеуметтік желілер арқылы тұрғындардан көмек сұрады.
«АрселорМиттар Теміртау» компаниясының өндірісте жарақат алып, кәсіби дертке шалдыққан шахтерлері мен кеншілері заңда қарастырылған өтемақыны былтырдан күтіп жүр. Жұмысшылар шағымынан кейін жұмыс беруші «жауапкершілікті мойнына» алатынын мәлімдеген.
Қарағанды облысында «жалған мектеп құрған» бұрынғы екі мемлекеттік қызметкерге айыппұл кесті. Сарапшы айыппұл мен мүлік тәркілеу, қызметтен шеттету коррупциямен күресте тиімді шара деп санайды.
Бүгін сот Қазақстанда тыйым салынған «Таблиғи Жамағат» ұйымының аймақтық тобы жетекшісі деп болжанған адам мен оның екі серігіне түрме жазасын кесті. Сотталғандардың туыстары үкіммен келіспейді.
Қарағанды облысы Чкалов ауылындағы жалғыз азық-түлік дүкені былтырғы тасқыннан әлі қалпына келмеген. Жаңа тасқын қатері ескертілген ол мүлкін сақтандыруға тырысып жүр.
Азаттықтың бірнеше қаладағы тілшілері тұрғындардан сайлаудан не күтетінін сұрап көрді.
Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі, коррупциялық қылмысқа қатысты айыпталып, 10 жылға сотталған Серік Ахметовтің ісінде бетбұрыс байқала бастады.
Қарағанды облысында былтыр су басқан ауылдар тұрғындары үйлері сыз екенін айтады. Кейбірінің үй мен мал шығыны өтелмеген. Билік үйлерді салып бітіретінін, мал шығынын толтыратынын мәлімдеді.
Былтырғы су тасқынынан қатты зардап шеккен Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы жұрты су тасқыны қаупіне дайындалып жатыр. Билік тұрғындарға жүзу құралдарын әзірлеуге кеңес береді.
Азаптаудан зардап шегіп, жәбірлеушілерін соттатуға қол жеткізген Николай Синявин енді ақшалай өтемақы өндіруге тырысып жүр. Өтемақы төлеуі тиіс ведомстволар жауапкершілікті бір-біріне сілтейді.
Теміртау қаласында тәулік бойына жасалатын күтімге зәру жандар көп болғанымен, ақылы қызмет алуға көбінің ақшасы жоқ. Сондықтан қаладағы жалғыз пансионатты ұйымдастырушылар демеушілер іздейді.
Қарағандыда «Таблиғи Жамағат» қызметін ұйымдастырып, оған қатысты деп болжанған үш күдіктінің сотында олардың достарынан жауап алып жатыр. Сотталушылар айыптарды жоққа шығарады.
Теміртауда қарттарға арналған «Жалғыз емеспін» «балабақшасы» жұмыс істегеніне бір жылға жуықтады. Мекеме жабылып қалады деп қауіптенген қариялар ойыншық тігетін бизнес бастамақ.
Теміртау қаласында ерекше көмекке мұқтаж балалар әлеуметтік бейімдеу мен мектепке дейінгі мекемеде білім алу мүмкіндігінен тағы айырылды. Бұл мәселе тұрмысы нашар отбасыларға қиын тиген.
Теміртаудағы бұрын "Бота" қоры қаржыландырып келген ерекше көмекке мұқтаж балалар орталығы енді ата-аналардың қаржылай көмегімен жұмыс істей бастады. Қарағанды облысы.
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы металлургтері мен шахтерлері теңге девальвациясына қарай жалақыны да көбейтуді сұрайды. Компания басшылығы «бұған дағдарыс мұрша бермейді» дейді.
Қарағандыда «жылдың ең шулы коррупциялық ісі» аталған Серік Ахметовтің соты жұрттың көбі күтпеген нәтижемен аяқталды. Серік Ахметов түрмеге қамалды әрі дүние-мүлкі тәркіленді.
Тағы