Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена 2010 жылдан 2024 жылғы қазанға дейін Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі болған.
Экс-премьер Серік Ахметовтің тобына қатысты үкім оқылған соң сот залында не болғанын көрсететін Азаттық тілшісінің видеосы.
Алаяқтық ісі бойынша жапа шеккендер соттың арзан туристік жолдама алып беруге уәде еткен адамға шығарған үкімімен келіспейді. Сотталған келіншек олардың шығынын қалай өтейтінін білмейді.
Теміртау қаласының тұрғыны алаяқтық бабымен айыпталған екі полицейді сотқа тартқызды. Судья тараптардың бітімге келуіне уақыт берді.
Қарағанды облысындағы Теміртау қаласында трамвай 1959 жылдан бастап жүреді.
Жемқорлық қылмыс айыбымен Қарағандыда сотқа тартылған бұрынғы жоғары лауазымды шенеунік Бауыржан Әбдішев «тергеушілер жалған түсінік беруге көндіру үшін қысым көрсетті» деп мәлімдеді.
Бұрынғы премьер Серік Ахметовтің сотында жұрт назары сотталушы Камилла Пірәлиеваға ауды. Ол жаңа жылыжай кешені жобасының құны шынымен үш миллион еуроға асыра көрсетілгенін растады.
Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтың ісіне қатысты сот процесі барысында оның өз фирмасы болғаны, сол фирманың жарты миллион теңгеге дейін шашылып, оған аста-төк дастарқан жасап келгені айтылды. «Мұның бәрін естіп отырудың өзі жиіркенішті» деген Ахметов бұл айыптарды жоққа шығарды.
Жылқы дауынан өрбіген сотта Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімінің орынбасарына 2 миллион теңге айып төлетіп, мүлкін тәркілеу туралы үкім шықты.
Қазақстанның бұрынғы премьер-министрінің ісі бойынша сотталушылардың бірі Серік Ахметовтің ұлының өтініші бойынша шетке ақша аударғанын айтты. Ахметов бұл айыпты терістейді.
Қарағанды облысындағы су тасқынынан кейін Мұстафин кентінде үй жөндеген бірнеше адам «ақшаны айтқаннан кем төледі» дейді. Жөндеу жұмыстарына қаражат мемлекет бюджетінен бөлінген.
Тергеу кезінде азаптауға ұшыраған Николай Синявин мүгедек болып қалды. Оны азаптады деп сотталған полицейлер апелляциялық шағым түсірді. Синявинді құқық қорғаушы ұйым жалдаған адвокат қорғады.
Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтің және Қарағанды облысы мен қаласы әкімдіктерінің бұрынғы шенеуніктерінің сотында құжатқа жалған қол қою туралы да айтылды
Қарағанды облысында фермердің арызымен Нұра ауданы әкімі орынбасары Хакім Беков «алаяқтық» айыбымен сотқа тартылып жатыр. Іс қозғауға фермердің «жылқы бересің деді» деген арызы түрткі болған.
Бұрынғы кедендік бақылау комитетінің басшысы әрі бұрынғы ішкі істер министрі Серік Баймағамбетовті азаптауға қатысты іс түрме қызметкерін соттаумен аяқталды.
Билік сәуірдегі су тасқынынан зардап шеккен соң демеушілердің ақшасына үй салып беруге уәде етілген Қарағанды облысының ондаған тұрғынына үй салып бермейтінін ескертті.
Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтің ісі бойынша сотталушылар мен адвокаттары Қарағандыда өтіп жатқан сот процесінде «тергеу бастауға арызданған негізгі куәгер жалған куәлік етті» деп мәлімдеді.
Подъез шатыры опырылған үй тұрғындарына Теміртау билігі шатырды мемлекеттен несие алып жөндеуді ұсынды. Жұрт «мұнша соманы қайтара алмаймыз» дейді. Ал өздері апатты жағдайда тұрып жатыр.
Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтің ісі бойынша сотта төменгі сатыдағы шенеуніктерді мемлекеттік сатып алу кезінде шешім қабылдауға қалай мәжбүрлейтіні айтылды.
Экс-премьер Серік Ахметов пен бұрынғы шенеуніктер ісі бойынша сотта тараптар дауласып қалды. Бұрынғы облыс әкімі Бауыржан Әбдішев айыптау материалындағы кейбір сөздерді түсіндіруді сұрады.
Бүгін басталған сотта бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтің адвокаты тағылған коррупциялық қылмыстарға клиентінің қатысы жоғын көрсететін әлдебір хат-хабарламаларды сұратуды өтінді.
Тағы