Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена 2010 жылдан 2024 жылғы қазанға дейін Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі болған.
Экс-премьер Серік Ахметов пен Қарағанды облысының бұрынғы басшыларының адвокаттары негізгі сот отырысында жаңа деректер жарияламақшы.
Теміртау маңында ауылда жерде ерекше хайуанаттар бағы ашылды. Келген кісілер жануарларды қолға алып, сипай алады, оларға тамақ беруге де, мінуге де рұқсат берілген.
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы тамыздан бастап жұмысшылар жалақысын 25 пайызға азайтатынын мәлімдеді. «Қорғау» көміршілер кәсіподағы мен үкімет бұл қадамды заңсыз санайды.
Қарағандыда бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтың ісі бойынша өтіп жатқан сот тыңдауында Кейбір бұрынғы шенеуніктер әуелгі түсініктемелерінің күшін жоюды сұрады.
Қарағанды облысындағы «проблемалық үйлерді» бюджет есебінен жөндемейтін болды, тұрғындар бұған наразы
Қарағанды облысының Нұра ауданында "азаптаудан кейін мүгедек болып қалған" адамның шағымы бойынша бұрынғы полицейлер сотталды
Қарағанды облысында сәуірдегі су тасқынынан қатты зардап шеккен Нұра станциясы тұрғындары күн суытқанға дейін үйлері салынып бітпей қала ма деп уайымдайды.
Қарағанды облысында сәуір айында болған су тасқынынан қатты зардап шеккен Нұра станциясының тұрғындары күн суытқанға дейін үйлері салынып бітпей қала ма деп уайымдайды.
Қарағанды облысында мүгедек адамды азаптады деп айыпталған бұрынғы полиция қызметкерлеріне қатысты сот ісі басталды. Сотталушылар бұрын айтқан сөздерінен бас тартып, куәгерлер түсініктемесін өзгертіп жатыр.
Судьяны «шыбын қаққыш дуэліне» шақырғаны үшін сотталған қарағандылық адвокат Евгений Танков жазасының өтелмеген бөлігін бостандықты шектеу жазасына ауыстыруды сұрап, кассациялық шағым түсірді.
Қазақстан металлургтерінің орталығы саналатын Теміртау қаласында қаланың 55 жылдығы атап өтіліп жатыр. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының №3 домна пешіне мерейтойлық реттік нөмірі 55-шойын балқытылды. Теміртау. 30 маусым, 2015 жыл.
Тасқынынан кейін Қарағанды облысы Чкалово кенті тұрғындарының көбі үйлерін жөндеуге кірісе алмай отыр. Зардап шеккендер «дым тартқан үйлер кеппеген әрі төленген өтемақы жетпейді» дейді.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Қарағанды облысының Долинка кентінде орналасқан Карлаг музейіне кезінде осы лагерьде тұтқында болғандар мен олардың ұрпақтары келді.
Қарағанды облысындағы сәуірдегі су тасқынынан зардап шеккен Нұра станциясы тұрғындары биліктің уәдесінен үміттенеді. Баспанасы бұзылатын жандар әзірше көрінген бұрышты паналап отыр.
Нұра станциясында тұратын жас отбасы тасқын бұзған баспанасын қалпына келтіруге тырысып жатыр.
Теміртау тұрғындары биліктен коммуналдық қызмет ақысын қымбаттатпауды сұрайды. Коммуналдық кәсіпорындар «шығын көп» деген уәж айтады. Билік екі жаққа ортақ шешім табуға уәде береді.
Су тасқынынан кейін тұруға жарамсыз деп танылып, бұзылатын үйлердің қожайындары «жергілікті билік жер теліміне меншік құқынан бас тартуымызды сұрайды» деп алаңдайды.
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы тең қожайыны Лакшми Миттал жұмысшыларды еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтауға үндеді. Менеджерлер жазатайым оқиғаларға жұмысшыларды кінәлайды.
Қарағанды облысындағы тасқыннан зардап шеккен Чкалово кенті тұрғындарының көбі сайлау қарсаңында үйлеріне оралды. Тұрғындардың кейбірі сайлауға барудан бас тартқан.
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының су алған ауылдарынан көшірілген тұрғындарға арналған Теміртаудағы лагерде ондаған адам тұрып жатыр. Олар биліктен көмек күтеді.
Тағы