Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена 2010 жылдан 2024 жылғы қазанға дейін Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі болған.
Тасқын аймағынан эвакуацияланған ондаған тұрғын уақытша Теміртаудағы қонақ үйге орналастырылды.
Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан өңірлеріндегі бірнеше ауылды су алды. Кей ауылдардан жұртты қайықпен, көлікпен, пойызбен көшіріп жатыр. Тұрғындар "апаттың алдын алуға болатын еді" дейді.
Теміртау қаласында автоматтандырылған алғашқы экологиялық бекеттер орнатылды. Халық «зиянды қалдықтардың қаланы қаншалықты ластайтынын енді нақты білеміз» деп үміттенеді.
Теміртауда ерекше көмекке мұқтаж балалар мен жастарға арналған тегін орталық қаржы тапшылығынан жұмысын тоқтатты. Орнына ақылы негізде басқа жоба іске қосылғанымен, оның да жабылып қалу қаупі бар.
Тұрғындар сөзінше, Қарағанды облысы Ақтау кентінің жағдайы қиын. Кей тұрғындар «билік проблемаларды шешпесе, президент сайлауына бармаймыз» десе, әкім «олар түймедейді түйедей етеді» дейді.
Биыл «АрселорМиттал Теміртау» 500-ге тарта жұмысшысы бар бірнеше цех пен бөлімшені аутсорсингке шығармақ. Бұрынғы аутсорсингтер тұтас сәтті болып шықпаған.
Теміртауда қазақ тілін мемлекет қолдауымен тегін оқытатын курсқа қатысқысы келетіндер аз. Әкімдік «халыққа қазақ тілін жарнамалау және ақылы қызметке көшу мүмкіндігін ойластыру қажет екенін» айтады.
Теміртау мен Жаңаөзен қалаларында қызылша екпесі салынған ондаған жасөспірім ауруханаға түскен соң ағзада жасанды иммунитет қалыптастыру науқаны уақытша тоқтатылды.
«АрселорМиттал Теміртау» басшылығы жұмысшылардың қаңтар айындағы жалақысын уақытша 25 пайызға кем төлеу туралы бұйрықтың күшін жоймайтын болды.
Жалақы толық төленбейтіні және индекстеу тоқтайтыны жайлы бұйрық айлық күтіп жүрген «АрселорМиттал Теміртау» жұмысшыларын дүрліктірді. Компания бұл шешімін қаржы тапшылығымен түсіндіреді.
Мамандардың жастарды жыныс жолдары арқылы жұғатын аурулардан қорғау және жоспарланбаған жүктіліктен сақтандыру амалына қала тұрғындарының көзқарасы әркелкі.
ВИЧ-ке шалдыққан әйелдерді емделмеуге және балаларына дәрі бермеуге шақыратын қозғалыс үндеулерін интернетте таратып жатыр. Олардың әрекеті СПИД орталықтары дәрігерлерін алаңдата бастады.
Қарағанды облыстық соты кәмелетке толмаған үш баласы бар әйелдің Сәтпаев қаласында өздігінен басып алған мемлекеттік пәтерді босату туралы сот шешіміне қатысты кассациялық шағымын қарауы тиіс.
Азаптау ісі бойынша полицейлерді жазаға тарттыруға тырысқан Николай Синявинге «ұрлық жасады» деген айып тағылды. Ол оқиғаның бұлай өрбуін азаптауға қарсы күреспен байланыстырады.
Қарағанды қаласында қайырымдылық дүкені ашылды. Мұнда сатылатын ең қымбат заттың бағасы бес мың теңгеден аспайды. Түскен табыстың бір бөлігі ауыр дертке шалдыққан балаларды емдеуге жұмсалады.
Теміртау қаласында прокуратураға шағымданған төрт адам мүгедектер қоғамынан қуылды. Қоғам төрағасы әрі әкімнің мүгедектер істері жөніндегі кеңесшісі «төртеуі ұйымның беделін түсірді» дейді.
Қарағанды облысы Теміртау қаласында ВИЧ-ке шалдыққандардың көбі - жастар мен жұмыссыздар. Дәрігерлер кәсіпорындар мен мекемелерде ВИЧ-тің алдын алу сабақтарын өткізуді ұсынады.
Жазда Теміртауда «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасымен жұмыс істеген оқушылар мен студенттер «жалақымызды кесіп тастады, уақытында бермеді» дейді. Жұмыс берушінің өз уәжі бар. Бірақ екі жақ бірге жұмыс істеуге әзір.
Қарағанды облыстық соты заңгер Евгений Танковты үш жылға түрмеге кесу үкімін күшінде қалдырды. Оның судьяны «шыбын қаққыш дуэліне» шақыруы «билік өкіліне шабуыл» деп танылды.
«Қазақмыстың» бұрынғы қызметкерінің жұмыс берушісімен соттасқанына жарты жылдай болды. Үш балалы отағасының мойнында несиелері де көп. Ол сотта жеңіп шығатынына сенімді.
Тағы