Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена 2010 жылдан 2024 жылғы қазанға дейін Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі болған.
Қарағанды облысы Ахмет ауылы тұрғыны «ұрлықты мойныма ілу үшін полиция соққыға жықты» дейді. «Азаптау» бабы бойынша қозғалған қылмыстық істі арнайы прокуратура тексеріп жатыр.
Шенеуніктер мен қарағандылық гештальтпсихологтың ұзаққа созылған дауы нарызылық акциясына ұласты. Теміртаулық психолог психотерапиямен айналысуға рұқсат беруді талап етеді.
Қарағандыдағы апатты деп танылып бұзылған «Бесобаның» орнына салынған үйлерге тұрғындар кіріп жатыр. Бірақ олар «инфрақұрылым жоқ, асығыс салынған пәтерлердің кем-кетігі көп» деп шағымданады.
«Қазақмыс» корпорациясының «Нұрқазған» кенішінде жұмыстан қысқарған адам өзін кенішке қайта алуды әрі жұмыстан еркінен тыс қалған күндерге жалақы төлеуді талап етіп сотқа жүгінді.
Қарағандыда ресейлік суретшінің аэрографиямен 3D форматында кенепке салған картиналарының көрмесі өтті. Елде мұндай форматтағы алғашқы көрмені Екібастұз тұрғыны ұйымдастырды.
Мектеп оқушылары мен студенттерге «Жасыл ел» еңбек тобында көше тазалап ақша табуға мүмкіндік бар. Елде он жылдай бұрын енгізілген бағдарлама Теміртауда алғаш рет іске қосылды.
Қарағанды өңірінде ондаған отбасын пәтерден шығармақ. Кезінде иелері тастап кеткен үйлерді билік басқа адамдарға берген. 1990 жылдары көшіп кеткен меншік иелері аяқ астынан пайда болып жатыр.
Судьямен «төбелестен» кейін сараптамада ақыл-есі дұрыс деп танылған қарағандылық заңгер 10 жылға дейін сотталуы мүмкін. Ол өзінің жазықсыз екенін қамауда отырып дәлелдеуге тырысып жатыр.
Алматы жануарларды қорғау ұйымының талабы бойынша «жануарларға қатігездік таныту» фактісі бойынша Қарағанды зоопаркіне қарсы қылмыстық іс қозғалды. Зоопарк басшылығы «бұл іс сотқа жетпей жабылатын шығар» дейді.
Қарағандылық зағип оқушы Әділ Оралбаев көзі көрмейтін балаларға арналған компьютер үйірмесін жүргізеді. Ол интернет арқылы тапқан шетелдік достарымен бірге арнайы компьютерлік ойындар құрастырады.
Салынғанына биыл 80 жыл толатын Қарағанды қаласында «Табиғат білгірлері» экомарафоны өтіп жатыр. Ересектер мен балалар өнерлері арқылы аймақтың экологиялық проблемаларын шешуге шақырады.
Теміртауда зәбір көрген балалы әйелдерге арналған дағдарыс орталығы ашылды. Бұл жер оларға уақытша пана болып, жаңа мамандық табуға да көмектеседі.
Мүгедектерге арналған еңбек жәрмеңкесі екі сағатқа ғана созылды. Ұйымдастырушылар бос орын аз дейді. Мүгедектердің көбі бұл шара «жұртқа көз қылу үшін өтті» деседі.
Жануарларды қорғау ұйымы Қарағанды зоопаркіндегі аю қонжығын ягуарларға талату оқиғасын тексеруді сұрап полицияға арыз жазды. Зоопарк әкімшілігі кінәлілер тиісті жазасын алған дейді.
Мүгедек жандардың жұмыс іздеу мүмкіндігі шектеулі екені белгілі. Бірақ олардың көбі өз идеяларын қиындықтан тайсалмай іске асырады.
Психологтар мүгедек баланың өз бетімен әрекет етуге дағдылануы және қоғамға тезірек бейімделуі үшін ата-аналарға дұрыс тәрбие жайлы кеңес береді.
Қарағандыда 20-дан аса отбасы бұзылған «Бесоба» тұрғын үй кешені орнына салынған «Шапағат» кешенінен берілген пәтер кілтін алды. Бірақ зардап шеккен «бесобалық» тұрғындардың көбі кезегін әлі күтуі тиіс.
Теміртау педагогтары кәсіподағы мұғалімдердің айлығын көбейтуді талап етеді. Ұстаздар жалақысы соңғы рет 2011 жылы өскен. Ал кей ата-ана мектептегі ақша жинауға наразы.
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының мүгедек шахтерлері Теміртау сотына арыз түсірді. Денсаулығын жоғалтқаны үшін өтемақы алу мақсатында олар жұмыс беруші мен сақтандырушыны сотқа берді.
Қарағандыда регрессник Борис Рахметовті жерлеу рәсімі өтті. «АрселорМиттал Теміртау» кеңсесінде шыққан өрттен зардап шегіп, клиникада қайтыс болған оның өлімінің себебі әлі анық емес.
Тағы